+7 (701) 759 90 19
USD 405.69 EUR 455.51
RUB 5.72 CNY 57.42
Jańalyqtar

Ақордада Ұлттық кеңес мүшелерінің экономикалық мәселелер бойынша ұсыныстары қаралды

2019 жылғы 4 қазан 19:44
Бөлісіңіз:
Ақордада Ұлттық кеңес мүшелерінің экономикалық мәселелер бойынша ұсыныстары қаралды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Ақордада Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мүшелерінің экономикалық блог бойынша ұсыныстарын қарастыру бойынша жиналыс өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін Ақордада Ұлттық кеңестің мүшелері айтқан ұсыныстардың экономикалық блогын қарастыру бойынша жиналыс өтті. Оған Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Тимур Сүлейменов жүргізді», - деп жазды ҚР Президентінің кеңесшісі Ерлан Қарин Facebook-те.

Талқылауға Қаржы министрлігінің, Ұлттық экономика министрлігінің, Есеп комитеті мен Салық комитетінің, сонымен қатар «Атамекен» ҰКП және Президент Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің өкілдері, сондай-ақ Ұлттық кеңестің экономикалық тобынан Мұхтар Тайжан, Ораз Жандосов, Арманжан Байтасов, Қайырбек Арыстанбеков, Бағдат Мусин және Азаматхан Әміртаев қатысқан.

«Жиналыс барысында салық заңнамасы мен бюджеттік жүйені жетілдіру мәселелері қаралды. Оның қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға көптеген сұрақтар тудыратын мәселелерді пысықтап, Президент Әкімшілігіне ұсыныстар енгізу тапсырылды. Келесі жиналыс қазанның 11-де экономикалық блогтың басқа да ұсыныстарына қатысты өтеді», - деп жазды Е.Қарин.

Еске салсақ, биылғы 12 маусымда Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев ҚР Президенті жанынан Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру туралы Жарлыққа қол қойды. Ал 17 шілдеде Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ережесін және құрамын бекіту туралы Жарлық шықты.

6 қыркүйек күні Ұлттық кеңестің алғашқы отырысы өтті. Онда Қ.Тоқаев елімізді дамытуға және жаңғыртуға бағытталған бастамалар мен ұсыныстарды пысықтау ісіндегі Ұлттық кеңестің рөлін атады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT