Ақордада Қазақстан мен Швейцария Президенттерінің кездесуі басталды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ақордада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен елімізге ресми сапармен келген Швейцария Конфедерациясының Президенті Ули Маурер арасында кездесу басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Айта кетерлігі, Ақордаға келген Ули Маурерді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды. Осыдан кейін Президенттер бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды. Швейцария басшысының ресми сапарына орай Құрмет қарауылы сап түзеп, Қазақстан Президентінің оркестрі екі елдің мемлекеттік Әнұранын орындады.
Дәл қазіргі уақытта Қазақстан мен Швейцария Президенттерінің шағын құрамдағы келіссөздері өтіп жатыр. Одан кейін екі ел делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамдағы келіссөздер болмақ. Аталған келіссөздер барысында барлық саланы қамтитын мәселелердің кең ауқымы жан-жақты талқыға түседі. Қорытындысында Мемлекет басшылары бұқаралық ақпарат құралдарына бірлескен мәлімдеме жасайды деп күтіледі.
Жалпы, Швейцария Президенті Ули Маурердің ресми сапары аясында Қазақстан Үкіметінің басшысымен кездесуі, екі елдің іскер топтарының қатысуымен өтетін «дөңгелек үстелде» сөз сөйлеуі жоспарланған.
- Әлем елдерінің басшылары Қазақстан халқын тәуелсіздік күнімен құттықтауда
- Израиль министрі еврейлерге пана болған қазақ халқына алғыс айтты
- Франциядағы белді басылымның кезекті саны Қазақстанға арналды
- Президент қоғам қайраткері Сұлтан Сартаевтың отбасына көңіл айтты
-
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздік күніне арналған концертке барды
-
XIX қысқы Сурдлимпиаданың ашылу салтанаты өтті
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам