Ақордада Қазақстан мен Мажарстан басшыларының жеке кездесуі өтуде

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ақордада ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге ресми сапармен келген Мажарстан Премьер-Министрі Виктор Орбанмен жеке кездесу өткізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетерлігі, Ақордаға келген мәртебелі мейманды Қасым-Жомарт Тоқаев күтіп алып, алдымен Қазақстан делегациясының мүшелерімен таныстырды. Содан кейін Мажарстан делегациясының мүшелерімен танысты. Одан әрі екі елдің мемлекеттік Әнұрандары ойналды.

Қазіргі уақытта Мемлекет басшылары жеке кездесу өткізіп жатыр. Одан кейін кеңейтілген құрамдағы келіссөздердің өтетіндігі жоспарланған. Оның қорытындысы бойынша ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мажарстан Премьер-Министрі Виктор Орбанның БАҚ өкілдеріне бірлескен мәлімдеме жасайтындығы күтіледі.

Естеріңізге сала кетсек, кеше ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Мажарстан Премьер-Министрі Виктор Орбанмен кездескен болатын.

Екі жақты кездесудің бағдарламасы бойынша қазақ-мажар ынтымақтастығына және аймақтық, халықаралық ахуалға қатысты бірқатар өзекті мәселелер талқыланады деп күтілуде.

null null null null null null null null

Соңғы жаңалықтар