Ақордада Қазақстан мен Корея Президенттерінің кездесуі өтіп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ақордада ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Корея Республикасының Президенті Мун Чжэ Инмен екіжақты кездесу өткізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарт тілшісі.

Алдымен екі елдің Президенттері бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды. Осыдан кейін екі елдің әнұрандары ойналды. Қазіргі уақытта Мемлекет басшылары екіжақты келіссөз өткізіп жатыр.

Айта кетейік, Корея Президенті сапар аясында Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен екіжақты кездесу өткізіп, Қазақстан-Корей бизнес-форумына қатыспақ. Нұр-Сұлтанға Корея Президентінің жұбайы келген. Ол бүгін "Назарбаев" Университетіне барады.
null null

Соңғы жаңалықтар