Ақордада Қазақстан мен Беларусь ведомстволары бірқатар құжатқа қол қойды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Ақордада ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев және Беларусь Президенті Александр Лукашенконың арасында өткен келіссөздерден кейін бірқатар құжаттарға қол қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сонымен, келіссөздерден кейін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Беларусь Президенті Александр Лукашенко бірлескен мәлімдемеге қол қойды.

ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев пен Баларусь Ішкі істер министрі Юрий Караев екі ел үкіметтері арасындағы көші-қон саласындағы ынтамақтастық туралы келісімді бекетті.

ҚР Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов пен Беларусь Тергеу комитетінің төрағасы Иван Носкевич екі ел ведомстволары арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов пен Беларусь Сыртқы істер министрі Владимир Макей Қазақстан ҰҚК және Беларусь Президенті жанындағы жедел талдау орталығы арасындағы жедел-техникалық саладағы ынтымақтастық келісімін бекітті.

Бұдан бөлек, ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев пен Беларусь мемлекеттік мүлік комитетінің төрағасы Андрей Гаев аталған ведомстволар арасындағы жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша келісімді бекітті.

ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Беларусь Сыртқы істер министрі Владимир Макей екі ел сыртқы істер ведомстволары арасындағы 2020-2021 жылдарға арналған ынтымақтастық жоспарына қол қойды.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев пен Беларусь ұлттық ғылым академиясы президиумының төрағасы Владимир Гусаков жерді қашықтықтан зондтау деректерімен алмасу саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Соңғы жаңалықтар