Ақордада еліміздің Мемлекеттік туы көтерілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін ҚР Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай жоспарланған мерекелік шаралар дәстүр бойынша Ақордада басталды. Президенттің бас резиденциясында еліміздің Мемлекеттік туы көтерілді. ҚазАқпарат бұл туралы «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қаруы сайланған, сымдай тартылған сарбаздар биыл да сап түзеді. Мемлекеттік күзет қызметі «Айбын» президенттік полкінің Құрмет қарауыл ротасы көк байрақты Ақорданың алдына алып келді.

Команда берілген соң Қазақстанның Мемлекеттік туы көтеріліп, Гимн шырқалды.

1991 жылғы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде еліміз өзінің тұңғыш Президентін Нұрсұлтан Назарбаевты сайлады және осы күннен тәуелсіздік тарихы басталды. 2011 жылғы 14 желтоқсанда «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» ҚР Заңына толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойылды. Оған сәйкес, 1 желтоқсан мемлекеттік мереке - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні ретінде белгіленді.

Соңғы жаңалықтар