Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Ху Цзиньтаоның қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөздер жүріп жатыр

None
None
А. Желтоқсанның 12-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ -  Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Ху Цзиньтаоның қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөздер жүріп жатыр,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Сіздің осы жұмыс сапарын жасау жөніндегі шешіміңіз Қытайдың Қазақстанға үлкен маңыздылықпен қарайтындығын тағы да дәлелдеп отыр», деді Елбасы келіссөздер барысында. Қытай Халық Республикасының қалыптасуының 60 жылдығымен құттықтай келе Президент: «Беделді әлемдік держава ретінде Қытай Азиямен қатар барша әлемде тату көршілестікті нығайтуда, қауіпсіздікті күшейтуде, маңызды роль атқаруда. Қаржы дағдарысы жағдайында да тұрақтылық пен дамудың үлгісін көрсетіп отыр», - деді.

 Мемлекет басшысы Қазақстан мен Қытай байланыстарының тату көршілестігінің өзара сенімділікке негізделген ынтымақтастығын жеткізе отырып: «Бұған біздің қарым-қатынастарды дамытуда Сіздің жеке түсіністігіңіз ықпал етуде. Сіздің осы Қазақстанға 5-ші сапарыңыз және соңғы 7 жылдағы біздің 18 рет кездесуіміз қарым-қатынастың, өзара сенімнің айғағы», - деді. Елбасы өз сөзінде, үлкен трансконтинентальдық «Түрікменстан-Өзбекстан-Қазақстан-Қытай» газ құбыры және «Каспий-Батыс Қытай» мұнай құбырының құрылыстары екі елдің қарым-қатынасын дамытудың жаңа кезеңі, деп атап көрсетті.

Соңғы жаңалықтар