Ақорда «Жер сағаты» жаһандық экология акциясын қолдады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ақорда «Жер сағаты» жаһандық акциясын қолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында Президенттің баспасөз қызметі мәлімет таратты.

Айта кетейік, бүгін жер-жерде дүниежүзілік «Жер сағаты» акциясы өтіп жатыр.

Қазақстан аталған экологиялық акцияға 2009 жылдан бастап қатысып келеді.

«Жер сағаты» - дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWF) бастамасымен 2007 жылдан бері бүкіл әлемде өткізіліп келе жатқан ең ауқымды халықаралық экологиялық шара.

Аталған шараға 180 ел, 7 мың қала қатысады.

Жыл сайынғы дәстүр бойынша наурыз айының соңғы сенбісінде ел тұрғындары сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін үйі мен пәтеріндегі шамдар мен тұрмыстық электр құралдарын өшіреді.

Бұл акцияға мемлекеттік және жеке тұлғалар да қолдау көрсетеді.


Соңғы жаңалықтар