Ақорда үйі өртеніп кеткен қостанайлықтардың жаңа баспанаға көшкені жайлы видео жариялады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі Қостанай облысындағы өрттен зардап шеккендердің жаңа баспанаға көшіп, қоныстойын тойлап жатқаны жайлы видео жариялады.

Айта кетейік, кеше Қостанай облысында дала өртінен кейін үйсіз қалған ауыл тұрғындары жаңа баспанаға көшкен болатын.

Еске салайық, Қостанай облысының Әулиекөл ауданында орман өрті 2 қыркүйек күні басталды. Бірнеше ауылдан 1841 адам эвакуацияланды.

Тілсіз жау 86 жастағы тұрғынның өмірін жалмады. 10 адам жарақат алды, оның төртеуі ауруханаға түсті.

Қостанай облысында Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орайластырылған салтанатты шаралар кейінге шегерілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев өңірге барды. Өрт болған елді мекен тұрғындарымен кездескен Президент зардап шегушілерге Үкімет екі айда бұрынғыдан да жақсы үйлер салып беретінін айтты. Өртті ауыздықтауға жүздеген техника, мыңдаған адаммен бірге 7 бірдей тікұшақ тартылды.

ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Қостанай облысындағы өрт адам қолынан болды деген нұсқаны жоққа шығармайтынын мәлім етті.

Зардап шеккен қостанайлықтарға көмек беру үшін бірыңғай қоғамдық қор құрылды.

Өңірдегі жағдай тұрақталғанша, 3 мыңнан астам оқушы қашықтан білім алды.

Әулиекөл ауданындағы өрт салдарынан Аманқарағай ауылында 98 үй өртеніп кетті.

Өңірде төтенше жағдай режимі жарияланды. Үйі өртеніп кеткен қостанайлықтардың банк несиесі жабылады.

Соңғы жаңалықтар