«Ақорда» холында орнатылған ерекше ескерткіштер туралы мәлімет ұсынылды

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - БОРТ N1 Telegram-каналында «Ақорда» резиденциясының орталық холына ерекше көрік беріп тұрған «Отан қорғаушы» және «Отбасын сақтаушы» ескерткіштері туралы мәлімет ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мүсіндердің авторы – белгілі қазақ мүсіншісі Ерболат Төлепбай. Оларды алтын мен күмісті араластыра отырып, қола мен алюминийден құйған.

«Бұл өнер туындыларының символдық мәні зор. Жас сарбаздың тұлғасынан халқымыздың өрлігі мен батылдығын тануға болады. Ал баласын құшақтап тұрған ана бейнесі бейбітшілікті, жасампаздықты және өмірдің жалғасатынын білдіреді», - делінген хабарламада.



Соңғы жаңалықтар