Ақмыш шатқалына бағытталған қаражаттың ұрлануына қатысты тергеу басталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақмыш шатқалы ескерткішін абаттандыруға бағытталған ақшалай қаражатты ұрлау фактісі бойынша тергеу басталды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет биылдың 14 қазанында Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы «Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы» ММ басшысының міндетін атқарушы мен компания директорына қатысты Ақмыш шатқалы ескерткішін абаттандыруға бағытталған ақшалай қаражатты ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады», - деді Д. Биғайдаров Facebook парақшасында өткен онлайн брифингіде.

Оның айтуынша, қазіргі кезде кінәлі адамдар мойындау түсініктемесін берді.Қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жария етілмейді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биылғы 9 айда лауазымды тұлғаларға пара беру фактілері бойынша 381 сотқа дейінгі тергеу тіркелді.



Соңғы жаңалықтар