Ақмоланың туристік нысандары ресейлік компаниялардың көңілінен шықты

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында Қазақстан және Ресейдің туристік компаниялары үшін ақпараттық - жарнама туры ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысының «Visit Aqmola» туристік ақпараттық орталығының мәліметі бойынша, облыстық туризм басқармасының ұйымдастыруымен өткен турда Қазақстан және Ресейдің туристік компанияларының өкілдері Бурабай мен Зеренді курорттарының ең үздік туристік нысандарында болды.

«Шараның мақсаты - курортты өңірдің туристік әлеуетімен таныстыру, өңірде көшпелі туризмді дамыту, Қазақстан және Ресей туристік компанияларының іскерлік байланысын нығайту. Ақпараттық - жарнама турына барлығы 15 компания қатысты. Олардың арысында Ресейдің Омбы, Қорған, Түмен сияқты бірқатар облыстарынан келген туристік компания өкілдері болды. Турге қатысушылар «RixosBorovoe», «Terrassa Park», «Park House Kokshetau», «Айнакөл», «Konfor Hotel», «Әлем», «Әлем+», «Самал», «Green Wich hotel», «Insar», «Комфорт», «Жұмбақтас», «Эдем» отелдері, «Зеленый Бор», «Щучинск, «Зерен-Нұр» демалыс аймағы, «Парус», «Қарағайлы» шипажайлары сияқты 30-ға жуық туристік нысанда болды», - дейді «Visit Aqmola» туристік ақпараттық орталығындағылар.
null

Сонымен қатар, қонақтарға курортты өңірлердің көрікті жерлеріне бағытталған «Бурабай - Қазақстанның інжу маржаны» экскурсиялық бағдарламасы ұсынылды. Қонақтар Абылай хан алаңы, Визит орталық, ашық аспан астындағы «Ботай - Бурабай» мұражайы және «Қазақстандық Лапландия» балалардың ойын-сауық кешенін аралап көрді.
null

Бұдан бөлек, ақпараттық - жарнама турына қатысушыларға Нұр-Сұлтан қаласының «Нұр-Әлем» павильоны, Бәйтерек, «Хазірет Сұлтан» мешіті, Бейбітшілік пен келісім сарайы сияқты көрікті орындарына экскурсия ұйымдастырылды.

«Мен бұл турдан естен кетпес ерекеше әсер алдым. Ұйымдастырушыларға жылы қабылдап, жақсы көңіл үй сыйлағаны үшін шынайы алғысымды білдіремін. Әріптестікті одан әрі нығайтуға дайынбыз»», - дейді Омбы қаласындағы «Дольче Вита» жауапкершілігі шектеулі қоғамының өкілі Оксана Точенова.

«Бұл жолы да ресейлік қонақтар Ақмола облысының туристік әлеуетінің, оның ішінде туризм мен демалу индустриясының мүмкіндігі жоғары екеніне көз жеткізді. Олар өңір басшылығы мен ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, одан әрі әріптестік байланысты нығайтатындықтарын айтты», - деп толықтырды «Visit Aqmola» туристік ақпараттық орталығындағылар.

Соңғы жаңалықтар