Ақмолалықтарға мемқызметті алудың жаңа мүмкіндіктері түсіндірілді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмолалықтарға мемлекеттік қызметті алудың жаңа мүмкіндіктері түсіндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте баяндама жасаған «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Ақмола облыстық филиалы директорының орынбасары Нұрбек Қайыржановтың айтуынша, «электронды үкімет» арқылы мемлекеттік қызметті өз бетінше алатын ақмолалықтар саны артып келеді.

Бүгінгі күні мемлекет қызмет тізілімне сәйкес, 723 қызмет көрсетілсе, оның 648 мемлекеттік корпорация, 580 «электронды үкімет» және 75 қызмет көрсету арқылы. Қолданыстағы заңнамаға енгізілген өзгерістерге сай Қазақстанда осы жылдың 1 қарашасынан бастап мекенжай анықтамасы алынып тасталады. Сол себепті, азаматтар бұл құжат талап етілмейді.

«1 қарашадан бастап азаматтар өз мекенжайын электронды үкімет порталындағы жеке кабинетіне кіріп тексере алады», - дейді филиал директорының орынбасары Нұрбек Қайыржанов.

Оның айтуынша, мемлекеттік корпорация мемлекеттік қызметтің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыру басты назарда ұстайды. Қазіргі таңда мемлекеттік қызметтің 50-ден астам түрін ЭЦҚ-сыз (электронды цифрлы қолтаңба) бір реттік құпия сөз арқылы алуға да болады. Автоәуесқойлар үшін де жаңа жүйе уақытты үнемдеуге қолайлы. Былтырдан бастап «Электронды үкімет» порталында жүргізуші куәлігін рәсімдеп, автокөлікті тіркеу мүмкіндігі туды. Сонымен қатар, мекен-жайға тіркелуді рәсімдеуге де болады.

«Азаматтардың көбі әлеуметтік желіні қолданатындықтан бірқатар танымал әлеуметтік желілерде мемлекеттік қызмет алатын қосымша сервистер ашылды. Мәселен, Telegram-бot арқылы-20, В Контакте арқылы-19 және Fecebook арқылы-15 мемлекеттік қызмет түрлі қолжетімді. Бүгінгі күні ХҚКО қызметкерлерінің белсенділігің арқасында Telegram-бot қолданушыларының саны 54108 жетіп отыр», дейді Нұрбек Қайыржанов.

Бұдан бөлек, қазiргi уақытта электрондық үкiметтiң мобильдi қосымшасының жаңартылған нұсқасы iске қосылғаны атап өтті. Бұл қосымша қызмет алушылардың ескертулерi мен ұсыныстарын ескере отырып жасалған. Пайдаланушы қосымшаларға екi жолмен кiре алады: бiр реттiк парольдi енгiзу немесе ЭЦҚ қолдану арқылы. Жаңа мобильдi қосымшада пайдаланушылардың ұялы құрылғыларында ЭЦҚ қолдану процесi айтарлықтай жеңiлдеп отыр.

«Қазiргi уақытта «eGov мобильдi» қосымшасында 26 мемлекеттік қызмет түрі жүзеге асырылды», - деп түйіндеді Нұрбек Қайыржанов.

Соңғы жаңалықтар