Ақмолалықтар жемқорлық туралы онлайн режімде хабарлай алады

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Есбол Кенжалин журналистермен брифинг өткізіп, 2018 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне қызметіне сілтеме жасап.

Есбол Кенжалиннің айтуынша, өткен жылы облыс бойынша барлығы 1,5 мыңнан астам түрлі форматтағы іс-шара өткізілген. Бұдан бөлек брифингте өңірде жүзеге асырылып жатқан «Protecting business and investments», «Қоғамдық бақылау картасы», «Адал жол» жобалары, білім саласындағы «Адал ұрпақ», «Саналы ұрпақ» клубтары және адалдық дүкендерінің жұмысы туралы айтылды.

«Жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыруда қоғам өкілдерінің рөлі зор. Біз арнайы мониторингтік топтың мүмкіндіктерін кеңінен пайдаланамыз. Топтың құрамына қоғам ішінде жоғары құрметке ие, өмірлік және кәсіби тәжірибесі бар, белсенді азаматтық ұстаным бар тұлғалар кіреді. 2018 жылы арнайы мониторингтік топтың он отырысы өткізіліп, 26 сұрақ талқыланды. Қоғамдық бақылаумен білім, денсаулық, коммуналдық қызметтер, жолаушылар тасымалы және басқа да салалар қамтылды», - деді өз сөзінде Есбол Кенжалин.

Сонымен қатар, басқарма басшысы жемқорлықтың алдын алудағы бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін де атап өтті. 2018 жылы бұқаралық ақпарат құралдарында екі жарым мыңнан астам ақпарат жарияланыпты. Бұған қоса, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының департаментімен бірлесіп тұрақты негізде жемқорлық тәуекелдерін талдау, еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізіліп тұрады. Өткен жылы 13 мемлекеттік органдар мен ұйымдарда жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізіліп, олардың нәтижелері бойынша 76 ұсыныс енгізілген.

Заңсыз материалдық сыйақы бергені үшін жазаның қолданылмай қалмайтындығы бүгінгі таңда толық негізде іске асырылып келетін «бір пара - екі қылмыскер» ұстанымына негізделеді. Осылайша, өткен жылы заңсыз материалдық сыйақы бергені үшін 3 жеке тұлға жалпы соммасы 962 мың теңге әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Соңғы жаңалықтар