Ақмолалықтар үшін бірегей жүрек оталары қолжетімді болды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмолалық дәрігерлер жоғары технологиялық медициналық қызметтер аясында жүрекке бірегей ота жасады. Бұл CRT-D – арнайы кардиовертер-дефибриллятордың имплантациясы, ол бәсеңдеген немесе жиілеген импульсті ғана емес, үдемелі жүрек жеткіліксіздігін де реттейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, сау жүректе жүрекшелер мен қарыншалардың жиырылуы белгілі бір реттілік пен үндестікте жүреді. Кейбір сырқаттар мен жағдайлар кезінде жүрек қуысы кеңейіп, синхронды жиырылу қабілетін жоғалтуы мүмкін. Мұндай диссинхрония жүректің сорғыш функциясының төмендеуіне және жүрек жеткіліксіздігінің пайда болуына немесе дамуына әкеп соғады.

«Дефибриллятордың әрекет принципі – ол жүрекке ресинхронды терапия жүргізеді. Сонымен қатар, ол тахиоарретмияның белгілі бір түрін тоқтата алады», - деді №2 көпбейінді облыстық аурухананың тері арқылы араласу бөлімінің меңгерушісі Айна Жұмақанова.



Техниканың мәні арнайы бивентрикулярлық (үш камералы) кардиостимуляторды имплантациялау болып табылады. Оның электродтары жүректің жұмысын бақылап, оның камераларының синхронды түрде жиырылуына көмектесіп тұрады. Осылайша, жүректің жұмысы оңтайландырылады және оның сорғыш функциясы қалпына келтіріледі.

Жүрек ресинхронды терапиясын қолдану созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бар, әрі дәрі-дәрмектермен емдеу нәтиже бермеген науқастарда жағдайдың тұрақты жақсаруымен және симптомдардың төмендеуімен бірге жүреді.

«Жоғары технологиялық медициналық қызметтер аясында биыл 27 ота жасалды. Соңғы 3 жылда біз осы дефибрилляторларды имплантациялаумен табысты айналысып келеміз. Барлық науқастар үйлеріне аман-есен шығарылды», - деп қосты Айна Жұмақанова.


Соңғы жаңалықтар