Ақмолалықтар туристік көпсайыста жүлдегер атанды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Туристік көпсайыс бойынша өткен ел чемпионатының кезеңдік жарысы мен «Горизонт» кубогінде ақмолалық спортшылар жүлделі үшінші орын алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жарысқа Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Павлодар, Қарағанды облыстарымен қатар, Астана және Алматы қалаларынан жиналған 200-ге жуық қатысушыдан құралған  29 команда қатысып, бақ сынады.

Сайыс «байланыс», «техникалық», «командалық» және «құтқару жұмыстары» тәрізді төрт кезеңнен тұрды.

null 

«Балғындар» тобында Ақмола облысының намысын қорғаған «5 биіктік» командасы жүлделі үшінші орыннан көрінді. Жеңімпаздарға арнайы грамоталар мен бағалы сыйлықтар тапсырылды.

Соңғы жаңалықтар