Ақмолалықтар су тасқынынан зардап шеккен атбасарлықтарға көмек қолын созуда

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмолалықтар су тасқынынан зардап шеккен атбасарлықтарға бір күндік еңбекақыларын аударуда, деп хабарлады облыстық Ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметінен.

Жергілікті атқарушы органдармен Атбасар ауданында орын алған көктемгі су тасқыны салдарынан зардап шеккендерге көмек көрсету жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінгі күні Атбасар қаласында су алған үйлер арнайы комиссиямен тексеріліп, тиісті актілер жасалды.

Атбасар ауданында табиғат апатынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсету акциясын ұйымдастыруға "Нұр Отан" партиясының Ақмола облыстық филиалы мұрындық болды.

Сонымен қатар, ең көп зардап шеккен атбасарлықтарға материалдық көмек көрсету мақсатында мемлекеттік қызметшілер мен ведомстволық ұйымдардың қызметкерлері де бір күндік табысын аударуда.

Сондай-ақ, "ЖАҢА ҮМІТ ОБФ" қайырымдылық қорында арнайы есепшот ашылып, оған ақшалай қаражат жинау ұйымдастырылуда.

Соңғы жаңалықтар