Ақмолалықтар Президент Іс Басқармасы дәрігерлерінен тегін кеңес ала алады

None
Фото: .facebook.com/alexey.tsoy
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Іс басқармасы медицина орталығының Ақмола облысындағы күндері аясында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы ПІБ медицина орталығының басшысы Алексей Цой Facebook-те мәлімдеді.

Бұл келісім өңір тұрғындарына дәрігерлердің тегін кеңестерін, санаторий-курорттық емдеу және медициналық оңалту қызметтерін, сондай-ақ қажет болған жағдайда ауыр сырқаттарға ем-дом алуға мүмкіндік береді.

Одан бөлек, меморандум өңірдің медициналық персоналын инновациялық технологияларға оқыту, аурулардың алдын алу, диагностика, емдеу және оңалту, сондай-ақ жаңа медициналық технологиялар мен оқытудың инновациялық әдістемелерін дамыту саласында тәжірибе алмасуды көздейді.

«Бірнеше күн бойы ҚР ПІБ медицина орталығының 35 жетекші маманы (нейрохирургтер, кардиохирургтер, аритмологтар, онкохирургтер және т.б.) мастер-класс, білім курстары, медицина қызметкерлеріне арналған тренингтер өткізеді, өңір тұрғындарына кеңес береді. Болашақта ұзақмерзімді ынтымақтастық бойынша бірлескен жол картасы әзірленетін болады», - деп жазды Алексей Цой.


Соңғы жаңалықтар