Ақмолалықтар Наурыз мейрамында «Ұлы Дала - мекенім» қойылымын тамашалады

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмолалықтар Көкшетауда Наурыз мейрамын «Ұлы Дала - мекенім» қойылымымен сəн-салтанатпен тойлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Арқа жұртының осынау мейрамды асыға күткені соншалық, Абылай хан және Тәуелсіздік алаңдарында ине шаншар жер болмады. Еңбектеген баладан еңкейге қарияға дейін орталық алаңға ағылды. Осынау ізгі мейрамға орай, Абылай хан алаңы мерекелік сәнмен безендіріліп, домбыраның күмбірлеген дауысы құлақ құрышын қандырды. Алаңға жергілікті кәсіпорындар мен мекемелердің, жоғары оқу орындарының ақ шаңқан оннан астам киіз үйлері тігілді. Бұл күні алаңға мерекені тамашалауға келген көкшетаулықтар мен меймандарға табиғаттың түрленуін айшықтау мақсатында Наурыз көже, бауырсақ тәрізді ұлттық тағамдар ұсынылып, 500 келі алма, қызғалдақтар, 1000 дана гүл мен 500 шар тегін үлестірілді.
null

Салтанатты шараға қатысқан Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев құттықтау сөз сөйлеп, жиналған халыққа жүрекжарды тілегін арнады. Сондай-ақ, аймақ басшысы өзінің сөзінде облыстық мәслихат және облыстық әкімдіктің шешімімен Көкшетаудағы Горький көшесі Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы болып өзгеретінін атап өтті.

«Бұл күндері еліміздің орталық көшелеріне Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілуде. Бұл еліміздің Тұңғыш Президентінің мемлекеттің тарихи, экономикалық және әлеуметтік-гуманитарлық дамуына, Қазақстанның халықаралық беделінің және қазақстандық қоғамның нығаюына қосқан еңбегінің бағасы», - деді әкім.
null

Мерекелік шара «Табиғаттың оянуы», «Батамен - ел көгерер», «Сыйлық жасау», «Ата салтымен - асыл қазынам», «Жердің көркі - қызғалдақ», «Алма мерекесі», «Наурыз - думан» тәрізді шағын қойылымдармен жалғасын тауып, мерекенің көркін одан сайын аша түсті. Сондай-ақ, Елбасының «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласында айтылған «Атқа мінгізу» дәстүрі көрсетілді.

Облыс әкімі Ермек Маржықпаев жас бүлдіршін Мұстафаны атқа отырғызу рәсіміне қатысты.

Шарада облыстық филармонияның әншілері мен облыстың әр шалғайынан келген көркемөнерпаздар ұжымдары мерекені әсем әнмен әрлендіріп, күміс күймен, мың бұралған бимен түрлендіріп, көпшілік көңілінен шықты.

null null null null null null null null null null

Соңғы жаңалықтар