Ақмолалықтар мүлікті заңдастыру шарасын қолдайтындарын білдірді - сауалнама

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмолалықтар биылғы қыркүйек айыннан бастап елімізде қолға алынған мүлікті заңдастыру науқанын қолдайды. Бұл туралы Ақмола облысының тұрғындары арасында жүргізілген сауалнама барысында айтылды.

Биыл мемлекет тұрғындарға көлеңкедегі меншікті 1 жылдан астам уақыт ішінде заңдастыру мүмкіндігін беріп отыр. Осы аралықта тіркелмеген мүлкін заңдастырып үлгерген азаматтар жауапкершілікке тартылмайды. Қазіргі кезде Ақмола облысында мүлікті жария етуді жүргізу жөніндегі комиссия құрамын жасақтау және мүлікті заңдастырығысы келетін азаматтардың өтініштері қабылдауға әзірлік жұмыстары басталып кетті. Осы ретте,"ҚазАқпараттың" өңірдегі тілшісі бірқатар ақмолалықтар арасында сауалнама жүргізген болатын.

"Мүлікті заңдастыру шарасының тұрғындардың қалтасы үшін де, еліміздің экономикасы үшін де тиімді болатыны сөзсіз. Заңдастыру қолда бар көлеңкедегі мүлікті заңды айналымға шығаруға мүмкіндік береді. Өйткені, елімізде 2017 жылдан бастап, жалпыға ортақ декларация тапсыру енгізілетінін ескерсек, алдағы науқан қолда бар мүлікті заңдастырып алуға зор мүмкіндік", - дейді облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Чапай Әбутәліпов.

"Қазіргі таңда мүлікті заңдастыру шарасының күн тәртібінде тұрған маңызды мәселе екені белгілі. Бұл өз кезегінде бюджет кірісін еселетіп, ел экономикасының одан әрі дамуына септігін тигізетін болады", - дейді "Нұр Отан" партиясының Ақмола филалы саяси кеңесінің мүшесі Мейрамбек Қиықов.

"Биыл Елбасы Н.Назарбаев қазақстандықтарға тіркелмеген мүліктерін заңдастыруға зор мүмкіндік беріп отыр. Оның ішіне ақша да кіреді. Әсіресе, ақшаны заңдастыру табыс болып саналмайтындықтан одан салық алынбайды. Сондықтан, қаражатын заңдастыру құқығын пайдаланған азаматтар заңдастыратын ақшасының 10 пайызын үнемдеп қалуға мүмкіндік алады", дейді жеке кәсіпкер Серік Қожахметов.

Осыдан-ақ, ақмолалықтардың биылғы қыркүйек айыннан бастап, елімізде қолға алынған мүлікті заңдастыру науқанын қолдайтынын байқауға болады. Ендеше, тіркелмеген мүлік, жер телімі немесе акцияларымыз болса, оларды заңдастырып алуға асыққанымыз абзал.

Еске сала кетсек, экономикалық зерттеулер институты сарапшыларының болжамы бойынша, 2015 жылдың 31-ші желтоқсанына дейін созылатын мүлікті заңдастыру науқаны кезінде елімізде 2,2 триллион теңге көлеміндегі мүлік заңдастырылады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар