Ақмолалықтар көктемгі дала жұмыстарын 98 пайызға орындады

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмолалық диқандар көктемгі дала жұмыстарын аяқтауға бір табан жақын қалды, деп хабарлады облыстық ауыл шаруашылығы басқармасынан.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметі бойынша, 4 миллион 197,7 мың гектар алқапқа дәнді және бұршақты дақылдар себу жоспарланса, бүгінгі күні оның 3 миллион 936,6 мың гектарына ырыздық дәні сіңірілді. Бұл барлық егіс алқабының 93,8 пайызын құрайды. Егіс алқаптары ауқымды Есіл, Жақсы және Атбасар аудандары көктемгі егіс жұмыстарын 96,7 және 95,9 пайызға атқарды. Сондай-ақ, бұл жұмыстар Целиноград, Ақкөл және Зеренді аудандарында қарқынды жүргізілуде. Олар көзделген жұмыстың 96,1 және 95,1 пайызын жүзеге асырды. Көпжылдық шөп пен майлы дақылдар себу жұмыстары артығымен орындалды.

Соңғы жаңалықтар