Ақмолалықтар Көкшетауда Наурыз мейрамын дүркіретіп тойлап жатыр (ФОТО)

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмолалықтар Көкшетауда Наурыз мейрамын дүркіретіп тойлап жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА өңірдегі тілшісі.

Бүгін Арқаның ақ таңымен ілескен ақмолалықтар облыс орталығындағы Тәуелсіздік алаңына жиналып, Наурыз мейрамы мерекелік театрландырылған қойылыммен қарсы алды. Бұл күні алаңға 10-ға жуық киіз үй тігіліп, мерекені тамашалауға келген көкшетаулықтар мен меймандарға Наурыз көже, бауырсақ тәрізді ұлттық тағамдар ұсынылып, тегін таратылды. Салтанатты шараға қатысқан өңір басшысы Сергей Кулагин құттықтау сөз сөйлеп, жиналған халыққа жүрекжарды тілегін арнады.

«Наурыз Қазақстан сияқты көп ұлтты пен ұлыстың басын біріктірген мемлекет үшін мән-маңызы ерекше мейрам. Халқымыз қандай қиын кезеңде де өздерінің жақсы үміттерін осы мезгілмен байланыстырған. Себебі, бұл атаулы күн адамзатқа, жалпы тіршілік иелеріне күш-қуат беретін қайнар бұлақ секілді. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында еліміз гүлденіп, түрлі этностар мен ұлттар елімізде бейбіт өмір сүріп жатыр. Ағымдағы жылы Наурыз мейрамын мерекелеу қоғамдық-саяси маңызы бар оқиғамен, яғни ҚР Парламент Мәжілісіне және барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттарын кезектен тыс сайлауымен тұспа-тұс келді. Кеше ғана біз сіздермен өз конституциялық құқығымызды пайдаланып, сайлауға белсене қатысып, барлық әлемге ауызбіршілігіміз бен достығымызды нақты іспен көрсете білдік. Бұл дегеніміз - ынтымақтастық пен жалпыұлттық бірлігіміздің жарқын көрінісі. «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының төрағасы ретінде мен зор қуанышпен алдын ала сайлау мәліметтеріне сейкес басқа саяси партиялардан үлкен басымдықпен «Нұр Отан» партиясы жеңіске жеткені туралы айтқым келеді. Бұл соңғы жылдар бойы партияның бағдарламасы қазақстандықтардың қолдауын тапқанын белгілейді. Бұл тек «Нұр Отанның» жеңісі емес, бұл бүкіл халықтың жеңісі, - деді өңір басшысы өз сөзінде.
Мерекелік шара «Табиғат сарыны», «Ұмай ана», «Аластау» тәрізді шағын қойылымдармен жалғасын тауып, мерекенің көркін одан сайын қыздыра түсті. Әсіресе, облыстық филармонияның әншілері мен облыстың әр шалғайынан келген көркемөнерпаздар ұжымдары мерекені әсем әнмен әрлендіріп, күміс күймен, мың бұралған бимен түрлендіріп, көпшілік көңілін шалқыта түсті.

2 3 4 5 6 7

Соңғы жаңалықтар