Ақмолалықтар #Birge#TazaQazaqstan экологиялық қозғалысын қолдады

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы #Birge#TazaQazaqstan экологиялық қозғалысын қолдады.

Бұл туралы аймақ басышысының орынбасары Марат Иғалиев өзінің Instagram парақшасында жариялап, ақмолалықтарды ағымдағы жылдың 27 шілдесінде өткізу жоспарланып отырған #Birge#TazaQazaqstan экологиялық эстафетасына қатысуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Ауқымды акцияның мақсаты - табиғат пен су айдындарының ластануы, тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселесіне адамдардың назарын аудару.

«Акция аясында Копа көлі мен Қылшақты өзенінің жағалауын тазарту жоспарлануда. Таңғы сағат 09:00-де жиналамыз, жиналу орны Қопа көлінің жағалауындағы тікұшақ алаңы болып анықталды», - дейді М.Иғалиев.

Ішкі саясат басқармасының хабарлауынша, қазіргі таңда дайындалу жұмыстары жүргізілуде: маршруттар анықталды, қоқыс шығару үшін техника бөлінді, қаптар дайындалды.

Акцияға барлығы 15 мыңнан аса адам қатысатыны жоспарланған. Олардың арасында түрлі қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, қоғам белсенділері, жастар, шағын және орта бизнес өкілдері, бюджеттік сала қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер бар.

Осы күні челленджге Ақмола облысының барлық елді мекендері қолдау көрсетіп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, 20 шілдеде Birge Taza Kazakhstаn экологиялық қозғалысы басталды. Өткен сенбіде экологиялық эстафетаны Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев бастап берді, оған ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин, вице-премьер Жеңіс Қасымбек, Парламент депутаттары, Ақмола облысының және Нұр-Сұлтан қаласының әкімдері, бірқатар министрлер, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласының және Ақмола облысының тұрғындары қатысты.

Соңғы жаңалықтар