Ақмолалық зілтемірші ел чемпионатының қола медаль жеңіп алды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмолалық зілтемірші қызАйым Мұхаметжанова онлайн өткен ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының чемпионатында қола медальге ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Большинаның мәліметінше, биылғы жылғы чемпионат ерлер мен әйелдер арасында қашықтан (онлайн) өтуде. Бұл ең біріншіден пандемияға байланысты спортшылардың қаупсіздігін қамтамасыз ету.

Ақмола облысының атынан жарысқа Көкшетау, Степногор және Атбасар қалаларынан 18 зілтемірші қатысты.

Әйелдер арасында 49 келі салмаққа дейінгілер арасында Айым Мұхаметжанова қос әдіс бойынша 122 (54+68) келіні бағындырып қола жүлдегер атанды.

«Онлайн күш сынасу әдеттегіден өзгеше. Біз үшін бұл жаңалық. Жалпы, нәтижем көңілімнен шықты. Алдағы уақытта бұдан да жақсы нәтиже көрсетуге тырысамын», - дейді А. Мұхаметжанова.

Ауыр атлетикадан Ақмола облысының аға жаттықтырушысы Батырбек Оздоевтың айтуынша, коронавирустың салдарынан спортшылар біраз уақыт жарыстарға қатыса алмаған. Онлайн форматта спортшының нақты деңгейін анықтау мүмкін емес екен.

«Мұндай форматта жарысқа қатысу атлетшілеріміздің толық ашылуына мүмкіндік бермейді. Адам көп жиналған жарыстарды өздерін қалай көрсететіні белгісіз», - дейді Б.Оздоев.


Соңғы жаңалықтар