+7 (701) 759 90 19
USD 420.29 EUR 506.87
RUB 5.66 CNY 64.73
Jańalyqtar

Ақмолалық журналист полицияға қаржы прамидасын құрушылармен бірлесіп күресу туралы ұсыныс айтты

2020 жылғы 26 қараша 22:14
Бөлісіңіз:
Ақмолалық журналист полицияға қаржы прамидасын құрушылармен бірлесіп күресу туралы ұсыныс айтты

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысының Полиция департаментінің бастығы Арманбек Баймурзин тұрғындарды қабылдады , деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Эпидемиологиялық жағдайға байланысты өткізілген онлайн қабылдауда полиция департаментінің бастығы біраз жыл бұрын отбасылық жағдайға байланысты жұмыстан шығып кеткен ішкі істер органдарының екі қызметкерін қайта қызметке қабылдау мәселесін шешті.

Бұдан бөлек, Зеренді ауданындағы кәсіпкер жүгініп, алты жылқысы мен сиырының жоғалғанын айтып, ұрыларды табуға көмек сұрады. Кәсіпкердің сөзін тыңдай келе, генерал-майор тергеу және криминалды полиция бөлімшесіне барлық жағдайды зерттеп, қысқа мерзім ішінде қылмысты ашуды тапсырды.

Арманбек Хәкімбекұлы кәсіпкерге қаржылық ұйым берген несиені төлеу мерзімін уақытша кейін шегеруге көмектесуге уәде берді.

Сондай-ақ, жергілікті журналист ПД бастығына қаржы прамидасын құрушыларға қатысты қылмыстық істі тергеуде тергеу және анықтау органдарына атсалысқысы келетіндігі туралы ұсыныс жасады.

Онлайн қабылдауда ведомство басшысына Көкшетау қаласының тұрғыны сауалмен жүгініп, Зеренді ауданының тұрғыны, көпбалалы ананың 2020 жылы туған балаға дұрыс күтім жасамай отырғандығын айтты. Әйелдің сөзінше, онымен көпбалалы ананың арасында жаңа туған баланы тәрбелуге қатысты дау туған. Сол себепті, баланың биологиялық анасы полицияға жүгініп отыр. Бұған қоса, әйел әкесінің өліміне қатысты қозғалып, бүгінгі күні тоқтатылған қылмыстық істі тергеу шарасын ведомство басшысының жеке бақылауына алуды өтінді.

Арманбек Баймурзин арыздаған азаматшаға қылмыстық іс қайта жалғасып, оның барысын өзінің жеке бақылауына алатынын айтып түсірді.

Бір сағатқа созылған онлайн режимдегі қабылдау кезінде ведомство басшысына облыс тұрғындары тарапынан барлығы алты сауал қойылды.

Осы ретте, тәртіп сақшылары карантиндік шектеулердің күшейтілуіне байланысты Полиция департаментінің әкімшілік ғимаратында және аумақтық басқармалары мен полиция бөлімдерінде орналасқан азаматтарды қабылдау уақытша тоқтатылғанын ескертеді. Облыстың кез келген тұрғыны өздерін толғандырған және құқық қорғау органдарының қызметіне қатысты сауалдарын ведомство басшысына жолдай алады.

Ол үшін Полиция департаментінде ведомстволық әлеуметтік желі және электронды пошта жұмыс істейді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT