Ақмолалық жауынгерлердің сүйегі 79 жылдан кейін елге жеткізілді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Көкшетаудағы Даңқ мемориалында Екінші дүниежүзілік соғысының қатысушылары Камен Жұманов, Төлеубай Жұмабеков және белгісіз жауынгерге әскери құрмет көрсетуге арналған «Ерлікке тағзым» естелік акциясы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстың ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Тағылымды шараға аймақ Ермек Маржықпаев, Ресей Федерациясы Елшілігінің, «Атамның аманаты» қоғамдық бірлестігінің өкілдері, сондай-ақ қаза тапқан жауынгерлердің туыстары қатысты.

Аймақ басшысы өз сөзінде іздестіру тобына алғыс айтып, аталған акцияның өскелең ұрпақ үшін маңыздылығын атап өтті.

«Біз қазір Отанымызды фашизмнен қорғаған аталарымыз бен әкелеріміздің жауынгерлік ерліктерінің мысалдарын жаңа ұрпақтың жадында сақтау үшін көп жұмыс істеп жатырмыз. 90 мың ақмолалықтың 37 мыңнан астамы соғыстан оралды. Біз 500-ден астам қазақстандық батырлардың арасында Ақан Құрманов, Александр Герман, Николай Сергиенко сияқты жерлестеріміздің барын мақтан тұтамыз», - деп атап өтті Е.Маржықпаев.

Айта кетейік, 4 жыл ішінде Степногорск қаласының «Поколение» және «Көкше-іздестіру» жасағының іздеушілері соғысқа қатысқан 200-ге жуық адамның мәйітін тауып, жерленген орындарын анықтады.

1942 жылы 21 ақпанда Қорғалжын аудандық әскери комиссариаты шақырған Ақмола облысының тумалары Камен Жұманов пен Төлеубай Жұмабековтың сүйектері ағымдағы жылдың сәуір айында Тверь облысы Ржев қаласының аумағында Мәскеу қаласының «Пионер» іздестіру жасағымен табылды. Үшінші жауынгердің қалдықтарын анықтау мүмкін болмады.

Митингтен кейін сарбаздардың сүйегі туған жері Қорғалжын ауданына қайта жерлеуге жіберілді.


Соңғы жаңалықтар