Ақмолалық жастар жемқорлыққа қарсы жаңа челлендж бастады

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өрағасы Алик Шпекбаев Көкшетау қаласындағы «Zerek» балабақшасында болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі

Сапар аясында Агенттік төрағасын балабақшаның оқыту бағдарламасымен, робототехника кабинеттерімен, хореографиялық залмен, «виртуалды скалодром» ойын жүйесімен, интерактивті құмсалғышпен, alio сенсорлық дисплейімен таныстыра өтті.

Сонымен қатар, «Саналы ұрпақ» клубының мүшелері адалдық пен отбасылық құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған «Парасаттылық балалардың көзімен» атты студенттік қуыршақ театрының қойылымын ұйымдастырды. Сонымен қатар, тақырыптық халық ертегілері мен балалардың достық пен мейірімділік туралы қойылымдары көрсетілді.

Осы күні «Көкшетау» мәдениет сарайы қабырғасында «AQMOLA – Adaldyq Alaṅy» жастар музыкалық – хореографиялық акциясы өтті.

Іс-шара өңірде танымал және сұранысқа ие болған сатушысыз дүкен ашудан басталды. Бұл акцияның ерекшелігі - Қазақстан Республикасы мен әлемнің бірнеше дүркін рекордшысы, Гиннесс рекордтар кітабының рекордшысы Сергей Цырульниковтың өнері. Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудағы қажырлы еңбек күшін көрнекі түрде көрсетті: яғни залда отырған жігіттерге шегеден қағылған темір шыбықтарды қолмен бүгуді ұсынды. Ер адамдар тапсырманы орындай алмаған соң, Цирульников «тек өз-өзін жеңген және алқызылдыққа қарсы тұратын адам мұны істей алады» деген сөздермен Агенттік төрағасы Алик Шпекбаев пен облыс әкімі Ермек Маржықпаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге қолдау көрсету белгісі ретінде осы темір шыбықтарды табыс етті.

Содан кейін Сергей Цирульников облыс жастарымен бірге тікелей эфирде «Ал біз қазақстандықтардың сенімі үшін» атты челленджін іске қосып, оны басқа өңірлерге табыстады.

Өз кезегінде, Алик Шпекбаев осындай акцияны республиканың басқа аймақтарында өткізуді ұсынды.

Айта кету керек, мемлекеттік тілде оқытатын 280 орындық балабақша ағымдағы жылдың қыркүйек айында жұмыс істей бастады. Ол ақпараттық-коммуникативтік технологиялармен жабдықталып, осыған орай қаланың басқа мектепке дейінгі мекемелерінен ерекшеленеді.

Соңғы жаңалықтар