Ақмолалық жастар мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту мәселесін талқылады

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда бір топ жастар тіл мәселесін талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тағылымды кездесуге жергілікті жоғары және арнайы орта білім беру орындарының оқытушылары мен студенттері, белсенді жастар қатысты.

Жиынды ашқан Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Гүлжанар Шөкеева өз сөзінде жастар арасындағы тіл саясатын жүргізудің маңыздылығын атап өтті.

«Елбасы өзінің Жолдауында: «Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде», «Қазақ тілінің басымдығы сақталады. Оның әрі қарай дамуына зор көңіл бөлінеді», деп айтқан болатын. Өткен жылғы Жолдауында «Әрбір қазақстандықтың еліміздегі өзгерістер үдерістеріне атсалысуы» жөнінде нақты айтылып, бөлек тармақпен белгіленген. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жаппай қолдауға ие болып, қоғамдағы жаңғыру үдерістеріне зор серпін берді» - деген еді Елбасы. Демек, қоғам санасының оянып, жаңа заман ағымына бет бұруы байқалуда. Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына ауыстыру «Рухани жаңғырудың» ең негізігі бағыты деп айтуға болады. Себебі, латын әліпбиі - Ұлы дала елін әлемдік өркениетпен қабыстыратын алтын көпір», - дейді басқарма басшысы.
null

Жиында Жастар жылы Ақмола облысында бірқатар жобалар жүзеге асырылатыны айтылды. Осы орайда, мемлекеттік саясатты халықаралық, республикалық жəне жергілікті деңгейде жүзеге асырудың басты бағыты мен жастардың жан-жақты дамуы туралы Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы жастар саясаты мәселелері бойынша бөлім басшысы Дамир Іргебаев айтып берді. Ол өз сөзінде жастардың əлеуметтік мәселелерінің шешілуі мəселесіне тоқталды.

«2018 жылы тиімді жұмыспен қамтуды және жаппай кəсіпкерлікті дамыту бойынша 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламаға 5615 адам қатысты. Жыл ішінде еңбекпен қамту органдары арқылы 4830 жас жұмысқа орналасты. Көкшетау қаласында «Ақмола жастары» бағдарламасы бойынша 424 жас отбасына арналған 6 тұрғын үй салынатын болады», - деп атап өтті Дамир Іргебаев.
null

Бұдан бөлек, жиында биылғы жылы Зеренді ауданында Елбасының қатысуымен жастардың жазғы демалыс лагері өтетіні, Ақмола жастарына арналған кітап шығарылатыны және «Zhas project» жастар корпусын дамыту жобасын жүзеге асырылатыны да айтылды.

Сонымен қатар, кездесуде жастар тарапынан да мемлекеттік тілді кеңінен қолдану туралы ойлар айтылды. Оның ішінде Көкшетау техникалық институтының курсанты Әділет Серік, Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары колледждің жастар мәселесі комитетінің төрайымы Рәзиха Қарбаева мен осы колледждің студенті Егор Тихонов, «Жаңа толқын» жастар қоғамдық бірлестігінің төрайымы Жайнагүл Қаппасова, Көкшетау қалалық №1 орта мектептің ұстазы Олжас Жеңіс және Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің студенті мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту туралы өз ұсыныстарын білдірді.

null

Соңғы жаңалықтар