+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Ақмолалық жастар Қазақстанның 30 жылдағы жетістіктерін талқылады

2021 жылғы 15 қазан 21:20
Бөлісіңіз:
Ақмолалық жастар Қазақстанның 30 жылдағы жетістіктерін талқылады

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында «Төртінші онжылдықтағы Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбымен жастар форумы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Жастарымыздың санасында Қазақстан - әлем қауымдастығы әрқашан мойындаған ел Алматыда «Елбасы. Жастар. Болашақ» атты салтанатты шара өтті Ақмола облысында «Ұлы дала жастары» форумы өтті

Жиынға жастар қозғалысының жетекшілері мен көшбасшылары, еріктілер ұйымдарының өкілдері, белсенді жас кәсіпкерлер, ауыл жастары және Тәуелсіздіктің құрдастары қатысты.

Форумда ақмолалық жастар «Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде Қазақстан неге қол жеткізді?» және «Төртінші онжылдықта біздің мемлекеттілігімізді нығайту үшін тағы не істеу керек?» деген сауалдарға жауап іздеп көрді.

Форумға қатысушыларды құттықтай отырып, облыстың ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Нариман Әбдірахманов іс-шараны өткізудің маңыздылығын атап өтті.

«Тәуелсіздік жылдары біздің мемлекетіміз елеулі саяси және экономикалық биіктерге жетті. Бүгінде Қазақстан әлемнің дамыған елдерінің қатарына сенімді түрде қосылуда. Бұл үрдіске жас ұрпақ ерекше үлес қосуда. Жастар-мемлекеттің барлық өзгерістеріне сезімтал әрекет ететін қоғамның ең белсенді және прогрессивті мүшесі. Бүгінгі форум сындарлы пікір алмасу және елдің табыстарына жетудің жаңа жолдарын іздестіру алаңы болып табылады», - деп атап өтті Нариман Әбдірахманов.

Форумда «Қазақстан студенттер Альянсы» республикалық студенттер қозғалысы» қоғамдық бірлестігінің президенті Ілияс Түстікбаев, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің бас маманы Нұрсұлтан Шытырымбек, жас кәсіпкер Ангела Кравченко, жаттықтырушы Мирзада Сейітқали өз ой-пікірлерін білдірді.

«Биыл еліміздің Тәуелсіздігіне 30 жыл толады. Осы кезеңде біз көп нәрсеге қол жеткіздік және көптеген шыңдарды бағындырдық. Бүгінде республикада өз елінің игілігі үшін жанқиярлықпен жұмыс істеуге дайын жастар жеткілікті. Мен жарқын болашағы бар Қазақстанда туып, өмір сүріп жатқаныма қуаныштымын», - деді Нұрсұлтан Шытырымбек.

Жастар форумы аясында Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті мен Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің «Қазақстан студенттер Альянсы» республикалық студенттер қозғалысы» қоғамдық бірлестігімен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.

Айта кетейік, Ақмола облысында 14-29 жас аралығындағы 154 мыңға жуық жас азамат тұрады. Ел Тәуелсіздігінің мерейтойлық жылында өңірде жастардың қатысуымен екі мыңнан астам түрлі іс-шара өткізілді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT