Ақмолалық волейболшылар ел кубогінің «күміс» жүлдегері атанды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмолалық волейболшылар Қазақстан Республикасы Чемпионаты кубогінің «күміс» жүлдегері атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Өскемен қаласында волейболдан ерлер арасындағы Қазақстан Республикасы Чемпионаты кубогінің финалдық жарысы өтті. Бәсекеге еліміздің әр өңірінен жиналған сегіз команда қатысты. Оның ішінде Ақмола облысының атынан «Ұшқын Көкшетау» командасы бақ сынады.

«Жерлестеріміз ел чемпионы Алматының «Буревестник» командасынан 3:2 басым түсті. Жартылай финалда ақмолалықтар тараздық команданы 3:0 есебімен тізе бүктірді. Тек финалда атыраулық волейболшылардан ғана ұтылып, жүлделі екінші орын алды. Чемпионаттың «үздік ойыншысы» аталымы бойынша Қанат Ғабдулин үздік ойыншы атанды», - дейді ведомствоның баспасөз хатшысы Махаббат Большина.


Соңғы жаңалықтар