+7 (701) 759 90 19
USD 385.55 EUR 426.57
RUB 6.05 CNY 54.77
Jańalyqtar

Ақмолалық ұстаздар халықаралық байқауда жүлдегер атанды

2019 жылғы 4 желтоқсан 01:31
Бөлісіңіз:
Ақмолалық ұстаздар халықаралық байқауда жүлдегер атанды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының ұстаздары Халықаралық шығармашылық байқауында командалық есепте жүлделі үшінші орын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Семей мен Курчатовта көктайғаққа байланысты мектептерде сабақ тоқтатылды Асхат Аймағамбетов білім саласындағы плагиатпен күресетін жүйе туралы айтты Білім министрі жаңа әліпбиде жазылған оқулықтар қашан шығарылатынын айтты

Ведомствоның мәліметі бойынша, желтоқсанның 1-2 күндері Алматы қаласында Математика мұғалімдерінің республикалық қауымдастығының ұйымдастыруымен математика, физика және информатика пәндері бойынша VII-ші Халықаралық шығармашылық байқауы өтті. Шараға Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан Республикаларынан барлығы 170 мұғалім қатысты.

«Жалпы, командалық есепте Ақмола облысы командасы жүлделі 3-ші орын алды. Оның ішінде Бурабай ауданындағы С.Сейфуллин атындағы орта мектептің физика пәнінің мұғалімі Дмитрий Лозинский 2-ші дәрежелі дипломмен, Көкшетаудағы М. Ғабдуллин атындағы №3 мамандандырылған мектеп-гимназиясының информатика пәнінің мұғалімі Еркін Хавдеш 3-ші дәрежелі дипломмен марапатталды. Сонымен қатар, облыстан барған 6 мұғалім пән бойынша жүйелі және сапалы жұмысы мақтау қағазына ие болды», - дейді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Ақмола облысы, Білім,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT