USD 434.48 EUR 492.61
RUB 5.68 CNY 68.44
Jańalyqtar

Ақмолалық тұрғын ұрланған жылқыны үйінде жасырған

2021 жылғы 7 желтоқсан 02:40
Бөлісіңіз:
Ақмолалық тұрғын ұрланған жылқыны үйінде жасырған

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында үш жылқыны ұрлаған 47 жастағы күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада есірткі арнасы жойылды Алматыда 5 адамды атып өлтірген Игорь Дужновты қамауға алу мерзімі ұзартылды Ақтөбе облысының бас полицейі жаппай тәртіпсіздіктердің хронологиясын айтты

Ведомствоның мәліметінше, 3 желтоқсан күні таңғы сағат 06:40-та Астрахан ауданының кезекші бөліміне Петровка ауылының тұрғынынан арыз түсті. Ер адамның сөзінше, 2 желтоқсан күні сағат 22:00-де белгісіз біреулер үй ауласында тұрған үш жылқыны ұрлап кеткен. Мал иесіне барлығы 950 мың теңге шығын келтірілген.

«Жедел іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері «Гита» атты қызметтік иттің көмегімен күдіктіні анықтады. Ол Петровка ауылының 47 жастағы тұрғыны болып шықты. Баукеспе ұры ұрланған жылқының екеуін далаға жіберген, ал біреуін үйдің ішіне жасырған», - деді ведомстводан.

Қазіргі кезде, осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 188-1-бабының 3-бөлігі «мал ұрлығы» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT