Ақмолалық таэквондашылар ел чемпионатынан жүлделі оралды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат- Ақтау қаласында ересектер арасында WT таэквондадан өткен ҚР Чемпионатында ақмолалық спортшылар 3 қола медальге қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жарысқа еліміздің əр өңірінен жиналған 150-ден астам спортшы қатысты. Жарыс керуги жəне пумсе əдісі бойынша өтті. 

«Ержан Урманов жаттықтыратын ақмолалықтар арасында Арайлым Қажтаева екі бағдарлама бойынша қос қола медаль иегері атанды. Сондай-ақ, Айғаным Қуанышбекова ширек финалға өтіп, жүлделі үшінші орнынан көрінді», деп көрсетілген баспасөз хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар