Ақмолалық суда жүзушілер ел біріншілігінде топ жарды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмолалық суда жүзушілер ҚР біріншілігінде топ жарды. Бұл туралы «Бурабай» спорт сарайының баспасөз қызметкері Владимир Третьяков хабарлады.

«Петропавлда 2003 жылы туған және одан жас шамасындағы ұлдар мен қыздар арасында суда жүзуден Қазақстан біріншілігі өтті.
Жарысқа Көкшетаудағы «Бурабай» спорт сарайында Валерий Крутов, Евгений Анзин, Екатерина Дубицкая және Джанна Зайцева жаттықтыратын Ақмола облысының құрамасы да қатысты.
50 метрге суда жүзуде эстафеталық сайысқа түскен жерлестеріміз Алексей Овчаров, Никита Адам, Евгений Голованов және Виктор Вайцель чемпион атанды.
Сонымен қатар, ақмолалықтар 2 күміс, 1 қола медалге қол жеткізді.
Ал жалпы командалық есепте Ақмола облысының құрамасы үшінші орыннан көрінді», дейді В.Третьяков.
null

Соңғы жаңалықтар