Ақмолалық спортшы белбеу күресінен әлем чемпионы атанды (ФОТО)

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмолалық палуан Бекбол Нұрлан белбеу күресінен әлем чемпионы атанды.

Татарстан Республикасының астанасы Қазан қаласында өткен белбеу күресінен (еркін күрес) ХІІІ әлем чемпионатына Украина, Өзбекстан, Тәжікстан, Молдавия, Литва, Ресей, сонымен қатар Үндістан, АҚШ, Германия, Мексика, Колумбия, Ұлыбритания, Армения, Польша, Қытай, Корея, Грузия тәрізді әлемнің 50 елінен келген палуандар қатысты. Оның ішінде Қазақстан құрамасы сапында болған 10 спортшының бірі Бекбол Нұрлан 100 келіге дейінгі салмақ бойынша өткен белдесуде әлем чемпионы атанды. Жерлесіміз ақтық кездесуде ресейлік палуаннан басым түсті.

Соңғы жаңалықтар