Ақмолалық шахматшылар ел чемпионатында күміс жүлдегер атанды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының құрамасы шахматтан ел чемпионатында күміс жүлдегер атанды.

Қарағанды қаласында Сәкен Сейфуллиннің құрметіне арналған шахматтың жылдам түрі бойынша өткізілген жарысқа Астана қаласы, Павлодар, Ақтөбе, Тараз, Қостанай және Ақмола облыстарынан барлығы 50 шахматшы қатысты.

Жарыс ережесіне сай әр командада 3 ер және 1 әйел шахматшыдан болды. Оның ішінде Ақмол облысының құрамасы сапында Серікбай Темірбаев, Бақтияр Нұғыманов, Рүстем Қайырбеков және Жанар Байжанова қатысты.

Турнир қорытындысына сай Оңтүстік Қазақстан облысының құрамасы бірінші, ақмолалықтар екінші, ал астаналықтар үшінші орыннан көрінді.

Жекелей алғанда ақмолалықтар сапындағы Серікбай Темірбаев жеңімпаз атанса, Бақтияр Нұғыманов пен Жанар Байжанова үшінші орынға лайық деп танылды.

Соңғы жаңалықтар