Ақмолалық самбошылар ҚР Чемпионатында 3 алтын медальға қол жеткізді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмолалық самбошылар ҚР Чемпионатында 3 алтын медальға қол жеткізді.

13 қыркүйекте Қостанай қаласында әскери самбодан 23 жасқа дейінгі жастар арасында өткен сайыста сынға түскен жерлестеріміз Аслан Зейноллаев (68 келі), Дархан Әмірхан (82 келі) және Ерік Қыдырғалиев (90 келі) салмақ бойынша алтын медаль олжалады. Сонымен қатар, Қуанышбай Қабдрашов (52 келі), Жансерік Алтынтаев (62 келі), Асан Қалижанов (68 келі), Батухан Шахманов (74 келі) және Денис Егоров (100 келі) салмақ бойынша қола медальға қол жеткізді.

Соңғы жаңалықтар