Ақмолалық Регина Максимова Әлем чемпионатында күміс еншіледі

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмолалық спортшы Регина Максимова Ресейде өткен ерлер мен әйелдер арасында қоян-қолтық ұрыстан 5-ші әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, байрақты жарыс Санкт - Петербург қаласында өтті. Бәсекеде әлемнің 37 елінен жиналған 200 астам спортшы шеберліктерін ортаға салды.

«Жарыс 19 салмақ бойынша (оның 10 ерлер және 9 әйелдер арасында) ұйымдастырылды. «Жекпе-жек» ережесі бойынша 19 жұп медаль және «өзін-өзі қорғау» ережесі бойынша 12 жұп медаль сарапқа салынды.

Ұлттық құрама сапындағы Регина Максимова 65-тен жоғары салмақтағылар арасында күміс жүлдегер атанды.

Жаттықтырушылары Аслан Зейноллаев пен Жаслан Жантасовтың сөзінше, Регина «жекпе-жек» ережесі бойынша татамиге шықты», -дейді ведомствоның баспасөз хатшысы Махаббат Большина.

null

Соңғы жаңалықтар