Ақмолалық полицейлер жолдың шетіндегі жыраға құлаған көлікке көмекке келді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында полиция қызметкерлері жолдың шетіндегі жыраға құлаған «Газель» көлігің жүргізушісіне көмектесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» автожолының 24-шақырымында «Газель» автокөлігі жолдан шығып, жыраға құлағаны туралы хабар түсті.

Оқиға орнына патрульдік полиция батальонының қызметкерлері барып, қиын жағдайға тап болған жүргізушіге көмек көрсетті.

«Анықталғандай, ер адам Қостанай қаласынан Алматыға тауар тасымалдаумен айналысқан. Полиция аға лейтенанты Ақыл Секенов пен полиция лейтенанты Мират Шәйімов апатқа ұшырған көлік жүргізушісін жақын маңдағы қонақ үйге жеткізді. Өздері «Тұлпар-16» патрульінің экипажы ауа райының нашарлауына байланысты автожолды жабу үшін патрульдеу маршрутына аттанды. Сонымен бірге, полиция қызметкерлері түні бойы жүктің сақталуын және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін аптқа ұшыраған көліктің жанында болды», - деді ведомстводан.

Келесі күні таңертең тәртіп сақшылары жол қызметкерлері және жергілікті тұрғындардың көмегімен «Газель» шығарып, Есіл қаласындағы жылы боксқа жеткізді.

Көлік жүргізушісі өзіне дер кезінде көмек көрсеткен полиция қызметкерлеріне алғысын айтты.


Соңғы жаңалықтар