Ақмолалық полицейлер суицид жасамақ болған 19 жасар бойжеткенді құтқарып қалды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмолалық полицейлер суицид жасамақ болған 19 жасар бойжеткенді құтқарып қалды, деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

Оқиға былай өрбіген... Көкшетау қалалық ІІБ ЖБО "102" арнайы желісіне қала тұрғыны телефон арқылы хабарласып, 19 жасар кіші қызының ұрсысып, өз-өзіне қол саламын деп үйден кетіп қалғанын айтқан.

Осыған орай, ЖОБ кезекшісі тарапынан барлық полиция күштеріне аталған қыздың телефон нөмірі мен үстіне киген киімі мен түр сипаты ескертіліп, айтылды.

Нәтижесінде "Барс - 40" автопатруль қызметкерлері полицияның аға сержанты Алмат Жантасов қырағылық танытып, бойжеткенге бұрынғы танысы ретінде ұялы телефонына қоңырау шалып, кездесуге келіседі. Осы кезде өмірмен қоштаспақ болған қыз "Бұқпа" тауының басында тұрған екен. Абырой болғанда, "Барс - 40" автопатрулі қызметкерлері Алмат Жантасов, Асхат Біркенов және Алтынбек Рахметовтің ширақ қимылдауының арқасында бойжеткен дін аман қалды.

Соңғы жаңалықтар