Ақмолалық полицейлер «Ниссан-Патрол» көлігін айдап әкеткендерді ізін суытпай қолға түсірді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмолалық полицейлер «Астана-Петропавлов» тас жолының бойында «Ниссан-Патрол» жол таңдамайтын автокөлігін айдап әкеткендерді ізін суытпай қолға түсірді. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Оқиға былай өрбіген. Түнгі сағат 23:00 шамасында Еңбекшілдер аудандық ІІБ жергілікті шаруа қожалықтарының басшыларының бірі темір тұлпарын біреулер айдап әкеткені туралы шағымданған. Осыған байланысты аталған көлікті анықтап, ұстау жөнінде облыстағы барлық қалалық, аудандық ІІБ ақпараттандырылды.

Нәтижесінде Ақкөл аудандық ІІБ қызметкерлері «Астана-Петропавл» тас жолының бойында аталған көлікті байқап қалып, тоқтатпақ болады. Алайда «Ниссан-Патрол» көлігінің ішінде отырғандар полицейлердің бұл әрекетіне құлақ аспайды. Керісінше, жылдамдықты одан әрі үделете түседі. Сол себепті полицейлер ПМ-9 мм табельдік қарумен екі мәрте аспанға оқ атуға мәжбүр болады. Көлік осы кезде ғана тоқтайды.

Кейін белгілі болғандай, көлікті жүргізген азамат Щучинск қаласының 30 жастағы тұрғыны мен оның қасында отырған жолаушы Ақкөл ауданының азаматы екеуі де ішімдікке сылқия тойып алған көрінеді.

Осыған байланысты ҚР ҚК 185 бабының 2 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар