Ақмолалық полицей жетім қызды асырап алды
Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Жеңіс Құлмағанов көп жылдар бойы қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етуде адал қызмет етіп келеді.
Жеңіс үш ұлдың әкесі. Ол әйелімен бірге осыдан бір ай бұрын ДЦП ауруымен ауыратын қыз баланы Алматыдағы № 2 балар үйінен тәрбиелеуге алған. Алғашында дәрігерлер қыздың сауығып кететініне күмəнмен қараған болатын. Алайда, Умида есімді қыз бала медициналық көмектің нəтижесінде қазіргі кезде ауруынан айығып келеді. Жеңіс қыз баланы асырап алу туралы жан жолдасы ұсыныс жасағанын айтуда.
«Отбасым үлкен əрі тату. Отбасының бақытты болуы кез келген адамның арманы. Жақында жарым Айнагүл үш ұлымыз бар, енді бірі қыз асырап алайық деді. Мен оны бірден қолдадым. Отасқанымызға 16 жыл болды. Мен өзімді ең бақытты жанмын деп есептеймін», - дейді отағасы.