Ақмолалық педиатр ата-аналарды балаларына вакцина салдырудан қорықпауға шақырды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетау қалалық емханасының педиатр-дәрігері Вероника Корнева ата-аналардың балаларды вакцинациялау пікірі туралы айтты. Оның тәжірибесінде бұл мәселеде ата-аналардың вакцина туралы ойлары әртүрлі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

«Біздің елімізде антиваксерлер қозғалысы жеткілікті дамыған. Әлеуметтік желідегі әр хабарлама, вакцинация туралы әр жарияланым әлеуметтік резонанс тудырады. Қазақстанға вакцина әлі келмей тұрғанның өзінде кейбір науқастар телефон арқылы қоңырау шалып, вакцинациялау мүмкіндігі қашан болатынын сұраған еді. Қалай болғанда да, вакцинация – бұл ерікті шешім. Балаға оның ата-анасы жауап береді. Оларға ақпараттандырылған келісім беріледі. Біз әрдайым әңгімелесіп, түсіндіріп отырамыз. Вакцинация - бұл аурудан аулақ болудың немесе аурудан жеңіл емделіп шығудың нақты жолы», - дейді Вероника Корнева.

Дәрігер ұжымдық иммунитетті дамыту үшін ересек тұрғындардың иммунизациялауы жеткіліксіз екенін атап өтті.

«Біз ұжымдық иммунитет туралы бәріміз білеміз. Мен вакцинациядан қорқатын ата-аналарды түсінемін. Табиғатқа тән, біз барлық жаңа нәрселерден қорқамыз. Бірақ ешкім қызылшаға, қызамыққа, паротитке қарсы вакцинациядан қорықпайды, соның арқасында біздің балаларымыз бұл инфекциялармен ауырмайды. Біз пандемия кезеңінде өмір сүріп жатырмыз, Егер адамдардың көпшілігі вакцинацияланса және бізде ұжымдық иммунитет болса, онда біз бұл инфекцияны жеңе аламыз», - деп түйіндеді Вероника Корнева.

Айта кетейік, 26 желтоқсандағы жағдай бойынша Ақмола облысында 3 730 адам Comirnaty вакцинасымен егілді. Оның ішінде 12-17 жастағы жасөспірімдер – 2 728, жүкті әйелдер – 99, бала емізетін әйелдер – 903


Соңғы жаңалықтар