Ақмолалық пауэрлифтер Азия чемпионы атанды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмолалық спортшы Моңғолияда өтіп жатқан пауэрлифтингтен Азия чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысының дене шанықтыру және спорт басқармасының дерегі бойынша Ұланбатыр қаласында өтіп жатқан чемпионатқа Азияның 20 елінен жиналған кілең мықты спортшылары қатысып, бақ сынауда. Ұлттық құрама сапында болған ақмолалық Виктор Тиморский үш сайыс қорытындысы бойынша Азия чемпионы атанды. Жерлесіміз 93 салмақтағылар арасында отырып-тұру әдісі бойынша 2-ші, ал жатып көтеру әдісі бойынша 3-ші және тарту әдісі бойынша 1-ші нәтиже көрсетті.

Сонымен қатар, 52 келі салмақта сынға түскен Алена Солопова екінші орыннан көрінді.
null

Жерлестеріміз Ақмола облыстық жоғары спорттық шеберлік мектебінде және Көкшетаудағы «Бурабай» балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінде ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушылары Андрей Шаляпин және Евгений Евдокимовтің жетекшілігімен жаттығады.

Еске сала кетейік, Моңғолияда өтіп жатқан пауэрлифтингтен Азия чемпионатының алғашқы күні ақмолалық пауэрлифтерлер бір алтын және екі қола медаль еншілген еді.

null

Соңғы жаңалықтар