Ақмолалық палуандар халықаралық турнирде жүлдегер атанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмолалық палуандар Нұрсұлтан Азов  пен  Ирина Кузнецова Шымкент қаласында еркін жəне əйелдер күресі бойынша өткен  халықаралық турнирде жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметі бойынша Кеңес одағының Батыры Сабыр Рахимовтың құрметіне арналған дəстүрлі халықаралық турнирге Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан жəне Ресейден келген 400 жуық палуан қатысты. Оның ішінде Ақмола облысының намысын қорғаған он ақмолалықтың арасында 84 келі салмақта белдескен Нұрсұлтан Азов пен əйелдер арасында 59 келі салмақта күрескен Ирина Кузнецова қола жүлдегер атанды.
null 

null 

null 

Нұрсұлтан жоғары спорт шеберлігі мектебінде тəрбиеленсе, Ирина Степногор қаласындағы Бөгенбай батыр атындағы спортта дарынды балаларға арналған мектеп интернатында жаттығады.

Жүлдегерлерді Əділ Тəженов, Самат Серікпаев жəне Ерік Жапаров жаттықтырады.
null 

Соңғы жаңалықтар