Ақмолалық палуандар ел чемпионатында 8 медальға қол жеткізді

None
None
КӨКШЕТАУ.  ҚазАқпарат- Ақмолалық палуандар ҚР чемпионатында 8 медальға қол жеткізді, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА тілшісі. Щучинск қаласындағы Жақсы спорт кешенінде 2000-2002 жылдары туған ұлдар мен қыздар арасында еркін күрестен ел чемпионаты өтті.

"54 келі салмақ бойынша сынға түскен Дəулет Теміржанов тамаша күрес үлгісін көрсетіп, барлық қарсыласын айқын басымдықпен жеңді.  Сол сияқты Диас Сағатов та  жеңіске деген жігерлігінің арқасында қол жүлдегер атанды", деді Ақмола облыстық жоғары спорттық шеберлік мектебінің директор Аян Шөкенов.

Оған қоса қыздар арасында өткен белдесуде Эллада Махяддинова, Айна Теміртасова, Ирина Кузнецова жəне Валерия Аксенова  алтын, Диана Шостак күміс жүлдегер атанды. Ал, Гаухар Амантай қола медальді місе тұтты.  

Соңғы жаңалықтар