Ақмолалық палуан Путинге достық символы ретінде өрілген шеге сыйлады

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Ресейдің Өңіраралық ынтымақтастығының XV форумында ақмолалық палуан Сергей Цырульников Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге екі ел достығының символы ретінде өрілген шегелерді сыйға тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Əлемнің 4 дүркін жəне Қазақстанның 5 дүркін рекордшысы Сергей Цырульников өзінің қара күшімен таңғалдырып келеді.

Бұл жолы, Қазақстан-Ресей Өңіраралық ынтымақтастығының XV форумына қатысқан танымал палуан өз өнерін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей басшысы Владимир Путинге көрсетті. Кейін РФ Президентіне өрілген шегені сыйға тартты. 

«Кезінде біздің атақты палуан Қажымұқан Мұңайтпасов шегені осылай өрген. Ауыл-ауылды аралап жүргенде оларды құрметті адамдарға сыйға тартып отырған. Бұл өрілген шеге Қазақстан мен Ресейдің, халықтардың достығын білдіреді», - деп атап өтті Сергей.null

Соңғы жаңалықтар