Ақмолалық палуан қыздар ел чемпионатында 5 жүлде иеленді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмолалық палуан қыздар Қазақстан чемпионатында 5 бірдей жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Степногорск қаласында 23 жасқа дейінгі қыздар арасында әйелдер күресінен Қазақстан чемпионаты өтті. Жарысқа еліміздің әр өңірінен келген, 12 командаға бөлінген 61 қыз қатысты. Жеңімпаздардан әйелдер күресінен ұлттық құрама жасақталып, ағымдағы жылдың қазан айында Венгрия астанасы Будапешт қаласында өтетін U-23 әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын болады.

«Бұл жолы жеңімпаздар 10 салмақ бойынша анықталды. Командалық есепте Ақмола облысының құрамасы Алматы және Шымкент қалаларының палуандарын артқа тастап, бірінші орын иеленді.

Нақтырақ алсақ, Ирина Кузнецова (62 кг), Альбина Қайыргелдинова (68 кг) және Александра Зайцева (76 кг) чемпион атанды. Марины Зуевой (57 кг) күміс, Эллада Махяддинова (53 кг) қола жүлдегер атанды», дейді ведомствоның баспасөз хатшысы Махаббат Большина.

Соңғы жаңалықтар