+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Ақмолалық палуан қыздар бүкілресейлік турнирде жүлдегер атанды

2018 жылғы 24 қаңтар 11:04
Бөлісіңіз:
Ақмолалық палуан қыздар бүкілресейлік турнирде жүлдегер атанды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмолалық палуан қыздар Дмитрий Миндиашвили атындағы күрес академиясының жүлдесі үшін өткен бүкілресейлік ашық турнирде үш медальға қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің дерегі бойынша Красноярск қаласында еркін және әйелдер күресінен өткен байрақты жарысқа Ресей, АҚШ, Финляндия, Қырғызстан, Моңғолия, Қытай және Қазақстан тәрізді 10 елден жиналған 500 спортшы қатысты.

Әйелдер арасында Қазақстан құрамасы сапында болған ақмолалық қыздардың бағы жанды. Оның ішінде 76 және 57 келі салмақтарда Валерия Аксёнова мен Ирина Кузнецова екінші орыннан көрінсе, 65 келі салмақта Альбина Қайыргелдинова үшінші орындв еншіледі.

Айта кету керек, бұл спортшыларды Бөгенбай атындағы спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп интернатында Әділ Тәженов, Евгений Судейкин және Айдар Шайдулин жаттықтырады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT