Ақмолалық өрт сөндіруші қыз әлем чемпионатында жүлдегер атанды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмолалық өрт сөндіруші қыз Анастасия Астафьева өрт-құтқару спортынан әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайдалар департаментінің мәліметінше, Ресейдің Саратов қаласында өткен байрақты жарысқа әлемнің 30-дан астам елінен өрт сөндірушілер қатысып, бақ сынады. Оның ішінде Қазақстан құрамасы сапында ерлер мен әйелдер және жасөспірімдер командасы өнер көрсетті.

«Ұлттық құрама сапында болған ақмолалық азаматтық қорғаныс қызметінің кіші сержанты, мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің радиотелефонисі Анастасия Астафьева «әскери өрбіту» тәртібі бойынша күміс жүлдегер атанды. Анастасияның жеңісі жалпы командалық есепте Қазақстан әйелдер құрамасының жүлделі екінші орыннан көрінуіне септігі тигізді», дейді ведомстводан.

Айта кетейік, Анастасия Қазақстан Республикасының ұлттық құрамы сапында осымен үшінші рет әлем чемпионатына қатысып отыр. Биылғы ақпан айында шабуыл баспалдағымен көтерілуде Қазақстан рекордын орнатты.

Соңғы жаңалықтар